
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Ішкі температура
сенсорын қолдану
Ішкі температура сенсоры еттің ішкі
температурасын өлшейді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
• Тұмшапештің температурасы.
Қуыру кестесін қараңыз.
• Ішкі температура. Ішкі температура
сенсорының кестесіне қараңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғымен бірге
жеткізілген ішкі
температура сенсорын
ғана немесе фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
1. Ішкі температура сенсорының
ашасын құрылғының алдыңғы
жағындағы розеткаға қосыңыз.
Ішкі температура сенсорының
индикаторы жыпылықтайды.
2. Ішкі температура сенсорының
ұшын еттің ортасына салыңыз.
3. Ішкі температураны орнату үшін
немесе түймешігін басыңыз.
Температураны 30°C градустан
99°C градусқа дейін орнатуға
болады.
4. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
Еттің температурасы орнатылған ішкі
температураға жеткен кезде екі минут
дыбыстық сигнал естіледі. Сигналды
тоқтату үшін түймешікті басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіріңіз.
6. Ішкі температура сенсорының
ашасын розеткадан суырыңыз. Етті
құрылғыдан алыңыз.
Ет сіз қалағандай жақсы піспесе,
жоғарыдағы қадамдарды қайта
орындап, ішкі температураның
жоғарырақ мәнін таңдаңыз.
Тағам пісіру барысында
температураны кез келген уақытта
өзгертуге болады. Ішкі температураны
өзгерту үшін түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Ішкі температура
сенсорының ұшы мен
ашасын алған кезде абай
болыңыз. Ішкі температура
сенсоры ыстық. Күйіп қалу
қатері бар.
7.2 Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріп, тіректерінің төмен қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Шұңғыл таба:
Шұңғыл табаны сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріңіз.
www.electrolux.com12
Kommentare zu diesen Handbüchern