Electrolux ERC25010W Grundlegende Anleitung Seite 11

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 64
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 10
Пайдаланушыға арналған бұл шағын нұсқаулықта жаңа өніміңіздің негізгі функциялары
қамтылған, бұл сонымен қатар қолдануға да ыңғайлы. Electrolux пайдаланушы нұсқаулықтары
басылатын қағаз шығынын 30 %-ға дейін азайтқысы келеді, бұл жылына шамамен 12,000 тал
ағашты сақтап қалуға көмектеседі. Пайдаланушы шағын нұсқаулығын шығару Electrolux
компаниясының қоршаған ортаны қорғауға қатысты қолға алып жатқан көп шараларының бірі
болып табылады. Бұл ауқымды шара болмауы да мүмкін, дегенмен үлкен істің бастамасы екені
анық.
Нұсқаулықтың толық мәтінін www.electrolux.com веб-сайтынан қараңыз.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас
бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс
қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар салып
оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы,
қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық
апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану
тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз
ететін функцияларымен жете таныс болуы
керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты
сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа
адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану
және қауіпсіздік шараларынан хабардар
болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз,
себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не
болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не
пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды
қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын
розеткадан суырыңыз да, қорек сымын
қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар
ішіне кіріп қамалып не электр тогының
қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не
қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның серіппелі
құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып
қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Сақтандыру туралы ескерту! Желдеткіш
саңылауларды еш бөгетсіз ашық
ұстаңыз.
Құрылғы тағам мен/не сусындарды осы
нұсқаулық кітапшасында
көрсетілгендегідей қалыпты жағдайда
сақтауға арналған.
Жібіту үрдісін жылдамдату үшін еш
механикалық құралды не жасанды затты
пайдаланбаңыз.
Тоңазытқыш құрылғы ішінде (крем мейкер
тәрізді) электр құрылғыларын, өндірушісі
олардың осы мақсатта пайдалануға
жарамдылығын арнайы көрсетпеген
жағдайда пайдаланбаңыз.
Салқындатқыш сұйық жүйесіне еш нұқсан
келтірмеңіз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесіне
салқындатқыш изобутан (R600a) құйылған,
бұл қоршаған ортаға аса сай келетін табиғи,
бірақ тұтанғыш газ.
Құрылғыны тасымалдау мен орнату кезінде
оның салқындатқыш жүйесінің еш
элементіне нұқсан келмегеніне көз жеткізіп
алыңыз.
Салқындатқыш жүйеге нұқсан келген
жағдайда:
ашық от пен тұтанғыш заттарды аулақ
ұстаңыз
құрылғы орнатылған бөлмені мұқият
желдетіңіз
electrolux 11
Seitenansicht 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 63 64

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare