
Күтім көрсету және тазалау
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу
жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны
электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны
қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана
жүзеге асыруға тиіс.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының
сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнердегі түтікше арқылы жиналады да,
осы жерде буға айналады.
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне ақпас
үшін тоңазытқыш ортасындағы каналдағы
еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл
тазалап отырған дұрыс. Арнайы берілген
тазалағышты пайдаланыңыз, оны су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
Не істерсіңіз, егер...
Қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы
аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе
көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі
мүмкін. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылып тұрған кезде,
тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,
компрессордан сырылдаған, сондай-ақ
дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл
дұрыс.
• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,
кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық
феномен емес. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде,
температура түймешесінің ақырын "сырт"
еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
Техникалық сиппатама
Өлшемі
Биіктігі 1250 мм
Ені 550 мм
Тереңдігі 612 мм
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол
жағында орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат мәндері берілген
жапсырмада көрсетілген.
14 electrolux
Kommentare zu diesen Handbüchern