
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Бала қауіпсіздігі
функциясын пайдалану
Бала қауіпсіздігінің құлпы қосулы
тұрғанда, құрылғыны кенет қосу мүмкін
емес.
Есік бекітулі тұрады, SAFE
және белгілері Пиролит
функциясы жұмыс істеп
тұрғанда да дисплейде
тұрады. Оны диск үстінен
көруге болады.
1. Тұмшапеш функциялары тетігінің
сөндірулі тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Және түймелерін 2 секунд
бірге басып тұрыңыз.
Дыбыстық сигнал естіледі. Дисплейде
SAFE және жанады.
Бала қауіпсіздігі бекітпесін ажырату
үшін 2-ші қадамды қайталаңыз.
8.2 Қалдық қызу индикаторы
Тұмшапештің ішіндегі температура 40
°C градустан жоғары болса, құрылғы
сөніп тұрғанда бейнебетте
қалдық
қызу индикаторы көрсетіледі.
Тұмшапештің ішіндегі температураны
көру үшін температура тетігін солға
немесе оңға бұраңыз.
8.3 Автоматты түрде сөндіру
Егер тұмшапеш функциясы қосылса
және ешбір параметрді өзгертпесеңіз,
құрылғы қауіпсіздікті сақтау үшін
шамалы уақыттан кейін автоматты
түрде сөнеді.
Температура
(°C)
Сөндіру уақыты
(сағ)
30 - 115 12.5
120 - 195 8.5
200 - 245 5.5
250 1.5
Автоматты түрде сөнгеннен кейін,
құрылғыны қайта іске қосу үшін кез
келген түймешікті басыңыз.
Автоматты сөндіру келесі
функцияларда жұмыс
істемейді: Жеңіл, Ұзақтық,
Аяқтау.
8.4 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде
қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
8.5 Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автоматты түрде қосылады.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
ҚАЗАҚ 15
Kommentare zu diesen Handbüchern